Жер сілкінісі кезінде жаңа туған сәбилерді қорғауға тырысқан дәрігерлердің әрекетіне көпшілік сүйсінді

1040

Қахраманмараштағы жер сілкінісі кезінде Газиантеп қаласындағы аурухана қызметкерлерінің инкубатордағы сәбилерді қорғаған әрекеті қауіпсіздік камерасына түсіп қалды. 

Жер сілкінісі кезінде жаңа туған сәбилерді қорғауға тырысқан дәрігерлердің әрекетіне көпшілік сүйсінді Фото: видеодан скриншот

Онда жер сілкінісі басталған бойда сәбилер жатқан бөлмеге қарай жүгірген екі медбике бірден инкубаторларды ұстауға тырысқаны анық көрінеді. Медбикелердің бірі Девлет Низам жер сілкінісі кезінде басқа бөлмеде болған. Алайда ойына бірден жаңа туған сәбилер келеді. Жер қозғалып тұрса да аталмыш бөлмеге барып, кірген бойда әріптестерін инкубаторларды ұстауға шақырады.

- "Сол сәтте бар ойымыз тек инкубаторлардағы сәбилерді қорғау болды. Олар қалайда оянбауы керек еді, өйткені оянса балалар белсенділік танытып,  қауіптірек болады. Тежегіш жүйесі бар, бірақ үстіне бірдеңе түсіп кетсе деп инкубаторларды құшақтап алғанды ​​жөн көрдік”.

Сол түні 7 сәбидің басынан осындай жағдай өтті. Жер сілкінісі аяқталғаннан кейін медбикелер сәбилерді қалың киімдеріне орап шығарып алған. Біраз уақыттан кейін отбасыларына табыстаған.

- “Мүмкін біз сол сәтте өзіміз қашып құтыла алатын едік, бірақ сәбилер тұрғанда бұл қадамға қалай барасың? Сондықтан ең дұрысын жасадық. Медицина маманының ең басты міндеті адамдарды қорғау емес пе", - дейді Низам.

Сәбилер тұрғанда өз бастарының қамын ойламаған медицина қызметкерлерінің бұл іс әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу