Жер сілкінісінде оқушылары қаза тапқан мектеп жабылды

823

Кахраманмараштағы 7,6 балдық зілзаладан ағайынды Жансу мен Осман Явуз қаза тапты.  

Жер сілкінісінде оқушылары қаза тапқан мектеп жабылды Фото: TRT haber

Түркияда бар-жоғы екі оқушысы болған Қарадүт бастауыш мектебі жабылды. 

Ғимаратта оқушылардың салған суреттері мен ойыншықтары қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Inbusiness.kz сайты trthaber.com-ға сілтеме жасап. 

Осыдан бір ай бұрын Түркияның Қахраманмараш провинциясында болған зілзала мыңдаған ғимараттың қирауына әрі 45 мыңнан астам адамның өліміне әкеліп соқты. Олардың қатарында   Қахраманмараштың Елбістан ауданындағы Қажылар ауылында тұрған 9 және 11 жастағы ағайынды Осман мен Жансу Явуз бар. Екеуі де екінші жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалып, қаза тапты. Олар Қарадүт бастауыш мектебінің екі оқушысы еді. Осман мен Жансуға сабақ беру үшін мұғалімдер күн сайын Гексун ауданынан үш мәрте көлік ауыстырып келіп оқытатын. Ағайындылар қаза тапқаннан кейін білім ошағы да жабылды.

Осылайша, түлектер кеші өтпей мектепке қара құлып салынды. Онда қалғаны Осман мен Жансу салған суреттер, кітаптар және ойыншықтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу