Жер телімдеріне өтемақы нарықтық бағамен төленеді

667

Алматы әкімдігі қала инфрақұрылымын дамыту үшін жекеменшік жер телімдерін сатып алмақ. 

Жер телімдеріне өтемақы нарықтық бағамен төленеді

Шаһар әкімдігі қаланың инфрақұрылымын дамыту үшін жеке меншік жер телімдерін сатып алмақ. Ал оған қарастырылған өтемақы нарықтық бағамен төленеді. Бұл туралы "Алматының ерекше мәртебесі" туралы заңға енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған баспасөз мәслихатында Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов айтты. 

"Өтемақыға келер болсақ, жер телімдерінің ақысын кадастрлық баға немесе нарық бағамен есептегенде қиындықтар туады. Сондықтан Алматы әкімдігінің бастамасы бойынша аталған заңға өткен жылдың басынан бастап өзгерістер енгізілді. Біз мемлекеттік қажеттілік үшін қайтарып алынатын мүлікке өтемақыны тек нарықтық баға бойынша төлейміз. Сондықтан қазіргі кезде бізде өтемақыға қатысты мәселелер болмауы тиіс", – деді Ардақ Самамбетов. 

Қазіргі кезде мегаполистегі жер телімдерінің 95%-ы жеке меншік иелігінде. Ал қаладағы көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік және энергетикалық нысандар құрылысы бойынша 21 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың арасында Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі бойындағы бірқатар ірі жолайрықтары, Абай даңғылының жалғасын салу сынды ірі жобалар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу