Жер учаскелерін алу оңай болады - АШМ

598

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Жер учаскелерін алу оңай болады - АШМ Фото: baq.kz

5 сәуір күні Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде электрондық форматта жер учаскелерін беру рәсімін оңайлатуды көздейді. 

Ақпаратқа сәйкес, бұл жер учаскелеріне құқықтарды берудің қолданыстағы мерзімін 30 жұмыс күніне дейін өзгертуге мүмкіндік береді.

"Аталған қалаларда жер комиссиясының институты алынып тасталады, сондай-ақ бірқатар құжат түрлрі қысқартылады. Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің жерлері үшін техникалық мүмкіндіктердің болмауына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер толық цифрланғанға дейін Жер заңнамасымен регламенттелген жер учаскелерін берудің қолданыстағы тәртібі сақталады. Заңмен мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда құжаттарды келісу барысына онлайн мониторинг енгізіліп, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын тіркеу бойынша композиттік қызмет енгізіледі", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек жер учаскелерін электронды беру рәсімі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде "Жария кадастрлық картасында" жер учаскесін таңдау арқылы жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарында іске асырылмақ.

Жария кадастрлық картада жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларының және мемлекеттік органдардың өзге де мәліметтері көрсетіледі.

"Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау қажеттілігіне байланысты биылғы 1 шілдеден бастап заңды іске асыруды кейінге қалдыру көзделген", - деп атап өтті министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу