Жер-жаһандағы ең лас қалалардың рейтингі жарияланды

Швейцариялық IQAir агенттігінің әлемдік ауа сапасы жөніндегі жаңартылған есебіне сай, Үндістан ең лас қалалардың көшін бастады.  

Жер-жаһандағы ең лас қалалардың рейтингі жарияланды Фото: x.com/DhivCM

2025 жылға арналған зерттеуде 143 елдің, 9 446 қаланың ауа сапасы деректері назарға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан бұл тізімде 55-орынға жайғасқан. Әсіресе, Алматы қаласының түтіні мен лас ауасы сөз болған.

Әлемдегі қалалардың тек 14%-ы қауіпсіз ауа сапасы стандарттарына сай екені анықталып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға ғана аз.

Қазіргі уақытта тек үш еуропалық мемлекет – Андорра, Эстония және Исландия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) PM2.5 бөлшектерінің жылдық шекті деңгейіне (бір текше метр ауаға 5 микрограммға дейінгі көрсеткіш) жетеді деп бағаланды.

Жалпы, 143 елдің 130-ы, яғни 91%-ы қауіпсіздік стандарттарына сәйкес емес. Қауіпсіз шектерде ауа сапасын ұстап тұрған 13 ел мен аумақтың қатарына Аустралия, Барбадос, Бермуд, Француз Полинезиясы, Гренада, Жаңа Каледония, Панама, Пуэрто-Рико, Реюньон және АҚШ-тың Виргин аралдары кіреді.

Ең ластанған елдердің алғашқы бестігінде Пәкістан (67,3 микрограмм/м³ PM2.5), Бангладеш (66,1), Тәжікстан (57,3), Чад (53,6) және Конго Демократиялық Республикасы (50,2) бар.

Жер-жаһандағы ең ластанған 25 қала Үндістан, Пәкістан және Қытай аумағында орналасқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу