Жерар Депардье өзінің коллекциясын 4 миллион еуроға сатты

407

26 және 27 қыркүйекте ADER аукцион үйінің сауда-саттығында актер Жерар Депардьеге тиесілі өнер туындыларының бір бөлігі сатылды. 

Жерар Депардье өзінің коллекциясын 4 миллион еуроға сатты Фото: Газета «Культура

250 картина мен мүсіндер үшін түскен қаражат шамамен 4 миллион еуроны құрады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сауда-саттыққа қатысушылардың көпшілігі аукционда нақты Депардье коллекциясы болғандықтан келді. Сонымен қатар, актердің өзі коллекцияны ашық сауда-саттық арқылы таратуды жөн көрді", - дейді Сауда-саттықты ұйымдастырушы Ксавье Доминика.

ТАСС хабарлауынша, коллекцияның шамамен 95%-ы өзінің жаңа иесін тапты. Негізінен ХХ ғасырдағы суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары сатылды. Ең қымбат туынды Жермен Ришьенің "Жаяу адам" қола мүсіні болуы керек, ол 500-800 мың еуроға бағаланды, бірақ актер мүсінді сату туралы шешімін өзгертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу