Жерде 1 айдың ішінде 3-ші магниттік дауыл тіркелді

111

Осыдан кейін ғарыштық ауа райы шамамен бір апта бойы тұрақталады деп күтілуде.

Жерде 1 айдың ішінде 3-ші магниттік дауыл тіркелді Фото: gemini.google.com

Ғалымдар қазан айында үшінші рет магниттік дауылдың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.

Ресей ғылым академиясының Ғарыш зерттеулері институтының Күн астрономиясы зертханасы таратқан мәліметке сүйенсек, Жер Күннің тәждік ойығынан шыққан плазма ағынына енген, бұл өз кезегінде геомагниттік ауытқуларға себеп болған.

Мамандардың айтуынша, бұл жолғы дауыл әлсіз сипатта болып, 20 қазанға дейін жалғасады. 

Айта кетейік, бұған дейін магниттік дауылдар 1–3 қазан және 12 қазан күндері тіркелген еді. Сарапшылар мұндай құбылыстарды Күн белсенділігінің артуымен және күн желінің күшеюімен байланыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу