Жердегі мұздықтардың 40 пайызы ериді - Science

739

Ғалымдар 2100 жылға қарай Жердегі мұздықтар климаттың жылынуы салдарынан өзінің массасының 26-41 пайызын жоғалтады деп болжауда.  

Жердегі мұздықтардың 40 пайызы ериді - Science Фото: egemen.kz

Олар өздерінің зерттеу нәтижелерін Science ғылыми журналында жариялады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей орташа жаһандық температура 2015 жылғымен салыстырғанда 1,5-4 градус Цельсийге өзгерсе, мұздықтар 2100 жылға қарай өздерінің массасының 26-41 пайызын жоғалтады.

Бұл теңіз деңгейінің 9-15 сантиметр көтерілуіне және Жердегі барлық мұздықтардың 49-83 пайызының жоғалып кетуіне әкеледі.

"Мұздықтардың еруі температураның жоғарылауымен байланысты. Сондықтан "климаттың жылынуының алдын алу шаралары мұздықтардың жоғалуын азайтады",  –  делінген АҚШ, Канада және еуропалық ғалымдардың біріккен еңбегінде.

БҰҰ-ның 2021 жылғы климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында ұсынылған баяндамаға сәйкес, әлем үкіметтері қабылдаған климаттық міндеттемелер бойынша жаһандық температура Цельсий бойынша 2,7 градусқа артуы мүмкін. Мұндай сценарий бойынша теңіз деңгейі шамамен 115 миллиметрге көтеріледі деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу