Жергілікті қамту үлесіне қатысты талап алынып тасталады

763

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жер қойнауын пайдалану саласына қатысты жаңашылдықты жариялады.  

Жергілікті қамту үлесіне қатысты талап алынып тасталады

"Елімізде 994 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. 2019 жылдың қорытындысында жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың сатып алу көлемі 7,7 трлн теңге болды. Жергілікті қамту үлесі – 45%. Биыл 9 айда қатты пайдалы қазбаларды қоспағанда, бұл көрсеткіш 3,8 трлн теңгені құрады", – деді ол. 

Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарты бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорындарға көрсетілетін преференцияларды кезең-кезеңмен алып тастайды. 

"Жер қойнауын пайдалану саласында тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі талап алынып тасталады. Жұмыстар мен қызметтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімдердегі жергілікті қамту үлесі 50%-дан аспайтын болып белгіленеді", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу