Жергілікті полиция тұрғын-үй кешендерін аралауға кірісті

926

Жергілікті полиция тұрғын-үй кешендерін аралауға кірісті

Жалға берілген пәтерлерді, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамның қауіпсіздігін сақтау мақсатында Астана қаласының ІІД Жерігілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары тұрғын үй кешендеріне апта сайынғы пысықтау тексерістерін өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Тексеріс жұмыстарының бір күнінде "Жайна" тұрғын-үй кешенінде 15-ке тарта әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

"Есіл" ауданы бойынша 20-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, "Сарыарқа" ауданында мұндай құқықбұзушылықтардың 13 фактісі тіркелген.

Осылайша, бір күндік тексеріс жұмыстарының нәтижесінде 40-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Азаматтардың барлығы ҚР ӘҚБтК 492 бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу