Жерлеу рәсіміне БЖЗҚ-дан 158 миллион теңгеге жуық көлемде қаражат төленді

1011

Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Владимир Питраков мәлім етті.

Жерлеу рәсіміне БЖЗҚ-дан 158 миллион теңгеге жуық көлемде қаражат төленді

2018 жылы өңірде қайтыс болған 1200 адамды жер қойнына тапсыру үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 157 млн 996 мың теңге төленген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Владимир Питраков мәлім етті.

"Қайтыс болған адамды жерлеу үшін зейнетақы жинақтарынан төлем жасау бұрындары да болған. Адам дүниеден өткен кезде зейнетақы жинақтары қалған болса, бұл қаржы мемлекеттің есебіне және басқа да салымшыларға кетпейді. Еңбекпен жиналған қаражат мұрагерлік қорға айналады. Бұл жерде бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры жерлеу рәсіміне 52 АЕК көлемінде, шамамен 100 мың теңгеден астам төлейді", – дейді Владимир Питраков.

Спикердің айтуынша, бұл қаражат туыстық байланысқа қарамастан, адамның өмірден өткені туралы куәліктің түпнұсқасы негізінде 20 сандық есепшот пен өзінің жеке куәлігін ұсынған кез келген азаматқа беріледі. Ақтық сапарға шығарып салуға арналған қаражат үш жұмыс күні ішінде сол адамның есепшотына аударылады.

"Туған-туыстары көз жұмған жағдайда зейнетақы қорында жиналған ақша, пәтер, депозит, жер учаскесі нотариус ұсынған мұрагерлікке иелік ету куәлігі ретінде мұрагерлерге беріледі. Ол үшін тиісті құжаттармен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүгіну керек", – дейді филиал директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу