Жерорта теңізі жағалауында жер сілкінді

477

Түркияның Мұғла және Малатья қалаларында жер сілкінді.

Жерорта теңізі жағалауында жер сілкінді

Жерорта теңізінде Мұғланың Датча ауданынан 224,61 шақырым жерде магнитудасы 4,3 құрайтын жер сілкінісі тіркелді.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Жерорта теңізінде таңғы сағат 05:18-де Мұғланың Датча ауданының жағалауында 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзала 6,94 шақырым тереңдікке дейін барды.

Сонымен қатар Малатья қаласында да жер сілкінді. Пүтүрге ауданында таңғы сағат 8-ге таяу 4,3 балдық зілзала орын алды. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікке барған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу