Жерорта теңізінен 137 мигрант құтқарылды

866

Жерорта теңізінен 137 мигрант құтқарылды

Ливияның жағалау қызметі Жерорта теңізінен 137 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды 24.kz.

Үрлемелі қайыққа мінген босқындар ел астанасы Триполи жағалауынан шамамен 40 шақырым жерден табылған. Ішінде әйелдер мен балалар бар. Олар Кәрі құрлыққа жетуді көздепті.

Айта кетейік, жыл басталғалы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 110 мыңдай босқын өткен. Орта жолда 2 мыңы қаза тапты. Өмірін қауіпке тігіп сапарға шыққандардың басым бөлігі африкалықтар. Дені теңізге осы Ливия арқылы шыққанды жөн көреді. Өйткені мұндағы саяси ахуал тұрақты емес. Сондықтан тәртіпті қадағалап жатқандар аз. Осыны заңсыз адам тасымалдаушылар өз пайдасына жаратып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу