Жеті шаруа қожалығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

905

Жеті шаруа қожалығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында өсімдіктерді қорғау саласында заң бұзған жеті шаруа қожалық әкімшілік жауапкершілікке тартылып,185,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Жоламан Боранбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспсөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жыл басынан бері барлығы 27 тексеру жүргізілді. Қазіргі жағдай тұрақты, - дейді Жоламан Боранбаев.  - Қазіргі таңда шаруа қожалықтардың барлығы арамшөппен күресу шарасын жүргізуде. Көктемнен бері маңдай терін төгіп отырғызған егінін ешкім шіріткісі келмейді. Сондықтан, барлығы химиялық препараттарды қолданады. Бірақ, оның ішінде де рұқсат етілгені және тиым салынғаны бар. Осыны айыра білу керек. Экологияға қатерлі, жер қыртысына зиянды дәрілерді себуге болмайды. Оның алдын алу үшін  шаруашылықтардың барлығы бізге осы салада қандай жұмыс жүргізіп жатқаны жөнінде есеп беріп отыруы керек. Есеп бермеген шаруашылықтар айыппұл арқалайды.

Жоламан Боранбаевтың айтуынша, химиялық прерапарттар сататын қалада бірқатар дүкен бар. Өкінішке қарай, инспекция мамандарының оларды тікелей тексеруге рұқсаты жоқ. Сонымен қатар, егіс алқаптарын аралап, қандай дәрілер қолданылып жатқанын да бақылай алмайды. Тек қағаз жүзінде ғана тексеруге құқылы.

"Жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Шаруа қожалықтар үшін қандай препараттар қолдануға болатыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да көптеп насихатталуда. Былтырдан бері екі рет облыстық телеарна арқылы хабар таратылса, мерзімді басылымдарда 18 мақа жарияланды", - деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу