"Жетібай" мен "Қаламқас" кен орындарында Tumar интеллектуалды жүйесі енгізілді

88

Жүйе жерасты және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін 60 бригада үшін орнатылды.  

"Жетібай" мен "Қаламқас" кен орындарында Tumar интеллектуалды жүйесі енгізілді Фото: kmg.kz

Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін TUMAR жүйесі қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу барысында апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүйе онлайн режимде қауіпсіздік талаптарының бұзылуын, қызметкерлердің қауіпті әрекеттерін автоматты түрде анықтап, қауіп төнген жағдайда дыбыстық белгі береді. Жасанды интеллектіні оқыту үшін 15 мыңға жуық сурет өңделіп, 183 мыңнан астам нысан белгіленді.

Жүйе машиналық оқыту мен компьютерлік көру технологиялары негізінде жұмыс істейтін үш интеллектуалды сервистен тұрады:

  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды қадағалау;
  • гидравликалық кілтпен жұмыс істеу кезінде қауіпті әрекеттерді бақылау;
  • қауіпті аймақты бақылау.

ҚМГ әзірлемесі өзінің тиімділігін дәлелдеп, алдағы уақытта компаниялар тобының құбырлар бойынша барлық КЖ/ЖЖ бригадаларына кезең-кезеңімен енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу