Жетім балалар саны азайып келеді

1962

Елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 893 бала бар. 

Жетім балалар саны азайып келеді

2006 жылы құрылып, халықаралық сарапшылардан оң баға алып үлгерген Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев, елімізде жылдан жылға жетім балалар саны азайып келе жатқанын айтады. 

"Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 3 893 балаға азайды. Оларды отбасыларға орналастыру көрсеткіші 70%-ға артты. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың саны 33 бірлікке қысқарды. Ата-анасының құқығынан айырылғандардың саны 568 адамға азайды. Ата-ана құқығынан бас тартқандардың саны 289 адамға кеміді. Алдағы уақытта адами кадрлік және балалар құқығын қорғау бойынша барлық ресурстар жандандырылатын болады", – деді ол онлайн брифингте.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу