Жетісайда білім бөлімінің есепшілері 530 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

348

3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жетісайда білім бөлімінің есепшілері 530 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді Фото: inbusiness.kz

Облыс прокуратурасы "Жетісай ауданының білім бөлімі" ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды.

Қазіргі таңның өзінде келтірілген залалдың соммасы 530 млн.теңгені құраған. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. 

Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу