Жетісайда келіншекті өлтірген күдіктіге қатысты іс сотқа жолданбақ

847

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Жетісайда келіншекті өлтірген күдіктіге қатысты іс сотқа жолданбақ Фото: qaz365

Түркістан облысының Жетісай ауданында жоғалған әйелді өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. 

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, қамауға алынған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде жасалған.

– 28 қаңтарда Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қызының үйден шығып кеткеннен кейін жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Іздестіру шаралары нәтижесінде 8 ақпанда жоғалған әйелдің мәйіті табылды, – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысында әлеуметтік желілерде тараған, жәбірленушінің бейітін атпен таптау, несиелік қарыз алдыру және ақша бопсалау сынды мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша жүргізілуде. Жинақталған іс материалдары осы айдың соңында сотқа жолданады.

Жетісай ауданының прокуроры тергеу амалдары ҚР ҚПК-нің 24-бабына сәйкес жан-жақты, толық және объективті түрде жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ істің аудан прокуратурасының бақылауында екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу