Жетісайда прокурорлардың араласуынан кейін мақта зауыты іске қосылды

549

Кәсіпорын жылына 50 мың тонна мақта талшығын өңдеуге қауқарлы.

Жетісайда прокурорлардың араласуынан кейін мақта зауыты іске қосылды Фото: gov.kz

Жетісай ауданының прокуратурасы инвесторларды сүйемелдеу шеңберінде "Бірлік-Е" ЖШС-нің құны 2,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу зауытын іске қосуға кедергі келтірген мәселе шешілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған кәсіпорында 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Алайда 2025 жылдан бері өндірістік нысан техникалық сумен қамтамасыз етілмей, зауытты толық қуатта іске қосу мүмкін болмаған.

Қадағалау органының үйлестіруімен аудан прокуратурасы, инвестор және мердігер арасында үшжақты меморандум түзілді.

Нәтижесінде кәсіпорын үшін арнайы ұңғымалар қазылып, нысан 1 айдың ішінде қажетті өндірістік сумен толық қамтылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға жол ашылды.

Сонымен қатар прокуратура жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі бойынша прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жобаның екінші кезеңінде тұқымдық шит өндіру зауытын іске қосу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу