Жетісайдағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы белгілі болды

249

Үшеуі де ауруханада жатыр.

Жетісайдағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы белгілі болды Фото: Pixabay.com

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жетісайдағы тұрғын үй өрті салдарынан аман қалған науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зардап шеккен үш науқас та Шымкентке жеткізілген.

"Екі ересек адамның жағдайы тұрақты. Баланың жағдайы өте ауыр. Алматыдан мамандар тартылған. Олар консультация жүргізіп отырады, емді түзетті, (науқастардың) жағдайына баға берді. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Түркістан облысындағы өрттің шығу себебі анықталып жатқанын жазғанбыз. Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу