Жетісайдың қырыққабаты жақында Ресейге экспортталады

1104

Ауданда жалпы 12 мың гектар жерге бақша дақылдары егілді.

Жетісайдың қырыққабаты жақында Ресейге экспортталады

Түркістан облысы Жетісай ауданында 12 мың гектар жерге бақша дақылдары егілді. Оның 8 мың 400 гектарын – қауын, 3600 гетарын – қарбыз құрайды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жалпы биыл Жетісай ауданында 25 мың гектар егістік жерге бақша дақылдары егіледі деген болжам бар. Әзірдің өзінде 1200 гектар алқапта қырыққабат дақылы пісіп жетілгелі тұр. Енді 5-10 күнде қырыққабаттың алқашқы өнімдері Ресей елі мен еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтілетін болады.

Бұдан бөлек, аудан шаруалары бір жерден екі рет өнім алу үрдісіне бейімделуде. Бұл өз кезегінде егістік алқабын тиімді пайдалануға әрі табыс көзін едәуір ұлғайтуға сеп болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу