"Жетісу" футбол клубы неге соңғы орында?

873

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов спорт саласына жетекшілік ететін орынбасары Арслан Дәндібаевтан, Облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен "Жетісу" футбол клубының директоры Серік Мұқановтан "Жетісу" командасының турнир кестесіндегі қазіргі ахуалына, алға қойған мақсаттардың неліктен орындалмағанына жауап берулерін талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің сайтына сілтеме жасап.

"Жетісу" футбол клубы неге соңғы орында?

Спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, "Жетісу" командасы бүгінге дейін өткізген ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесінде соңғы орында тұр. Алда тағы 4 ойын өткізеді. Дегенмен бұл ойындардың нәтижесі көп нәрсе өзгерте алмайтын сыңайлы. Бірақ команда футболшылары 4 ойынның әрқайсысына бар күш-жігерін жұмсайтын болады.  

"Кәсіби клубтардың бюджетін азайту, легионерлер санын кемітіп, жергілікті футболшыларды тарту сияқты өзгерістерді Қазақстандағы барлық клубтар бірдей басынан өткерді. Сондықтан – ол себеп емес. Мәселе – футболшыларымыздың жеңілісінде де емес, олар барын салып ойнады. Мәселе – клуб басшылығының жауапсыздығында, тактикалық, стратегиялық жоспарларының жоқтығында. Әрбір ойыннан кейін басшылық ретінде жиын өткізіп, жоспар-есептерді қайта қарап, талқылау жасап, турнир кестесіндегі жағдайға байланысты түбегейлі шара қабылдауларың керек еді. Қазақстан чемпионаты аяқталсын, Жетісу футболындағы жағдай үшін барлығың да жауап бересіңдер", – деді Амандық Баталов спорт саласының мәселелері бойынша өткізілген жиында.

Атап өтсек, "Жетісу" футбол клубының жаңарған құрамында 15 ойыншы ­­­­– облыстың жас түлектері, 5-еуі – қазақстандық футболшы, 7 спортшы – легионер. Әзірге "Жетісу" футбол командасы турнир кестесінде соңғы орында тұр.    

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу