Жетісу мен Алматы облысы аудандарды қалай бөлісетіні белгілі болды

3991

Талдықорғанда мәслихаттың кезектен тыс XVII сессиясында облыс әкімі Қанат Бозымбаев бүгінде Жетісу және Алматы облыстарын бөлу жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жетісу мен Алматы облысы аудандарды қалай бөлісетіні белгілі болды

Облыс әкімінің айтуынша, Алматы және Талдықорған облыстары 1997 жылы біріктірілді. Сол кезде облыс орталығы Алматы болса, 2001 жылғы сәуірде облыс орталығы Талдықорғанға көшірілген.

"Алматы облысын бөлу әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктердің сарқылғанынан емес, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу үшін яғни 1 млн-нан аса тұрғыны бар Алматы агломерациясын дамыту үшін жүргізіледі", - деді Қанат Бозымбаев. 

Ол бүгінде 170 мың адам Алматы маңындағы саяжайларда тұратынын, ондағы мәселелерді Талдықорғанда отырып, шешу оңай емес екенін айтты.

"Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорғанда, Жетісу облысының әкімшілік орталығы Қапшағай болып, облыстың екіге бөлінуі өңірдің дамуына қуатты серпін береді. Құрылған Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан мен 2 қала, Алматы облысының аумағында 9 аудан және 380 елді мекенді қамтитын 1 қала болады", - деді облыс әкімі.

Қанат Бозымбаев облысты бөлу бойынша жұмыс комиссиясы құрылғанын атап өтті. Оның құрамына облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың тиісті басшылары кіреді.  

Сондай-ақ ол әкімшілік-аумақтық бірліктердің жаңа шекаралары көрсетілген схемалық карта әзірленгенін, Қапшағай қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Жетісу облысының жерлерін оның аумағынан шығару арқылы Алматы облысының шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Үкіметінің қаулысы жобасы дайындалды", - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігіне Жетісу облысының құрылуына байланысты штат санының лимитін және жергілікті атқарушы органдардың құрылымын (қосымша 448 бірлік) ұлғайту туралы ұсыныс жіберілген.

Қанат Бозымбаев облыстың бөлуіне байланысты қосымша шығын болатынын жеткізді. Бұл шығындар Алматы облысына қатысты, оның әкімшілігі Қапшағайда болады.

Айта кетейік, биыл наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу