Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Талдықорғанда полицейлер республикалық "Құқықтық тәртіп" акциясы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады", – деп жазылған хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдайлар тергеу барысында мұқият тексеріледі.