Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді

95

13 сәуірде Ескелді ауданының тұрғыны полицияға арызбен жүгінген.  

Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді Фото: polisia.kz

Жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қараның 39-ы ұрланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келтірілген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асады. Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді. Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтың қылмысқа қатысы бары анықталды.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық мал өз иесіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу