Жетісу облысында 53 млн теңгелік конкурс заң талаптарын бұзғаны үшін тоқтатылды

285

Қабылданған шаралар заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жетісу облысында 53 млн теңгелік конкурс заң талаптарын бұзғаны үшін тоқтатылды Фото: Бас прокуратура

Жетісу облысының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында "Сарқан аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ңің қызметінде мемлекеттік сатып алу және сәулет-құрылыс заңнамасының сақталуына тексеру жүргізіп, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтарды анықтады. 

Анықталғандай, мекеме аудандық аурухана аумағында жалпы сомасы 53 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ашық конкурс жариялаған. Сатып алу құжаттамасында аталған жұмыстар "ағымдағы жөндеу" ретінде көрсетілген.

Жобалық құжаттаманы талдау нәтижесінде көзделген жұмыстардың, оның ішінде асфальт төсеу, аллеяларды абаттандыру, қоршаулар орнату және объектілерді монтаждау жұмыстарының өз сипаты бойынша тиісті арнайы құрылыс лицензиялары мен рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстары санатына жататыны анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Сарқан ауданың прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қадағалау органының араласуы нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу