Балалардың бірі құтқарушылармен өздігінен байланысқа шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Хабарласу барысында жасөспірім шөлдеп жүргендерін және кері қайтар жолды таба алмай жатқанын айтқан. Осыдан кейін іздестіру жұмыстары басталды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында балалар табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ мамандары ата-аналарға балаларымен үнемі байланыста болып, серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажеттігін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу