Жетісу облысында қант қызылшасын өсірушілерді қолдайтын арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр

449

Жоба Мемлекет басшысының өңір жұртшылығымен жүздескенде берген тапсырмасы негізінде қолға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жетісу облысында қант қызылшасын өсірушілерді қолдайтын арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр Фото: egemen.kz

Өңірге келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті әкімдікке аймақтағы тәтті түбір алқабын екі жарым есе ұлғайтуды міндеттеген еді. Сөйтіп импортқа тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтті. Биыл Жетісу облысының шаруалары 6 мың гектар жерге қант қызылшасын септі. Өткізілген өнімнің әр келісі үшін оларға мемлекет пен кәсіпорын тарапынан 30 теңгеден субсидия төленеді. Сонымен қатар тасымал шығынның бір бөлігі өтеліп отыр. Көксу қант зауыты қазан айынан бері 180 мың тонна шикізат қабылдап екі мың тонна қант шығарды.

Еліміздің ауыл шаруашылық министрлігі 2023 жылы қант қызылшасының әр келісіне төленетін субсидияны 40 теңге дейін көтеретінін және жаңа техникаға жұмсалған қаражаттың 50 проценті субсидияланатынын мәлімдеді. Шаруаларды ынталандыру үшін жергілікті әкімдік те зауыттарды жұмылдыра отырып жаңа бағдарлама жасап жатыр.

"2023 жылы субсидия көтереміз деп отыр. 40 теңге болса бағаға қарай, субсидияға қарай қант қызылшасының өнімін көбейтеміз. Биыл 25 гектар болса келесі жылы екі есе арттырсақ па деген жоспар бар. Енді 50 гектарға дейін себуге мүмкіндік бар", - деп шаруашылық жетекшісі Абылай Төлебаев алдағы жоспарымен бөлісіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу