Жетісу облысында қар құрсауынан 40 Беларусь жүк көлігінің жүргізушісі эвакуацияланды

208

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында автокөліктер тұрып қалған.

Жетісу облысында қар құрсауынан 40 Беларусь жүк көлігінің жүргізушісі эвакуацияланды Фото: ТЖД

Жетісу облысында қар құрсауынан 48 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысы ТЖ департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы 4 қаңтар күні сағат 9:40-та "Үшарал-Достық" Республикалық маңызы бар автожолының "Теректі" учаскесінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Азаматтарды эвакуациялау үшін шақырту орнына Достық станциясының 10-ӨСБ жеке құрамы жоғарғы техникасымен жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін 48 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойғаны анықталды. Қабылданған шаралармен Достық станциясына қарлы тұтқыннан Беларусь Республикасы азаматтарының 40 жүк көлігінің жүргізушілері және Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Жетісу облысы ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу