Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты Жайпақ ауылының маңында адамдар қар құрсауында қалып қойғаны туралы 112 нөміріне хабар түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Олар қарға батып қалған бір жеңіл автокөлікті анықтады. Көліктің ішінде 4 адам болған, оның біреуі – бала. Құтқарушылар көлікті қауіпсіз жерге шығарып, адамдарды аман алып қалды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды жолға шығар алдында ауа райы болжамын тексеріп, жолда қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу