Кезекші бөлімге жергілікті тұрғын арызданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көлік иесінің айтуынша, түнгі уақытта Жансүгіров ауылындағы кәсіпорын ғимаратының алдында белгісіз адам зауыт аумағында тұрған Toyota Camry автокөлігін айдап кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Автокөлік қысқа мерзім ішінде табылып, заңды иесіне қайтарылды. Бейнебақылау камераларының жазбаларына сәйкес, күдіктінің зауыт аумағынан шығып, көлікті айдап кеткен сәті анық көрінеді.
Тексеру барысында ол әріптесі демалып жатқан сәтті пайдаланып, рұқсатсыз автокөлікті алып, қызымен кездесуге бару үшін мінгенін түсіндірді.
Көлік құралын заңсыз иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.