Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарған 25 жастағы жүргізуші 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға түнгі патрульдеу кезінде болған. Полицейлер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында рөлде алкогольдік масаң күйдегі Қаратал ауданының 25 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды. Сондай-ақ оның міндетті сақтандыру полисі болмаған және көліктің техникалық байқаудан өткені туралы құжаты болмағаны белгілі болды.
Жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын түсіне өткені, сақтандыру полисі мен техникалық байқау құжаты болмағаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.