Жетісу облысында марихуана өсірумен айналысқан екі тұрғын ұсталды

342

Екі факті бойынша да отқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жетісу облысында марихуана өсірумен айналысқан екі тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Алакөл ауданында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің екі дерегі тіркелді.

Полиция қызметкерлері “Қарасора – 2023” профилактикалық іс-шарасы аясында екі жеке тұрғын үйді анықтады. Олардың иелері марихуана өсірді деген күдікке ілінді.

Бұлақты ауылында 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, оның жеке тұрғын үй учаскесінде қарасораның 60 бұтасы табылды. Сондай-ақ сол ауылдағы жеке үйлердің бірінде полицейлер 73 марихуана бұтасы өсірілген плантацияны анықтады. Оған 43 жастағы ер адам күтім жасаған.

"Қазір екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілердің екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды", – деді Алакөл ауданының полиция бөлімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу