Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кезекті мониторинг барысында сағат 05:20 шамасында ойын-сауық орындарының бірінің маңынан Көксу ауданының 29 жастағы тұрғыны байқалған. Ол масаң күйде болуы мүмкін деген күдікпен автокөлігіне отырып, жолға шыққан.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері дереу бағытталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша материалдар сотқа жолданды.
Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.