Жетісу облысында мәслихат депутатын өлтіріп кетті

1154

Алакөл полициясы аталған іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Жетісу облысында мәслихат депутатын өлтіріп кетті Фото: gov.kz

Жетісу облысында мәслихат депутаты Дәурен Слямов өлі күйінде табылды, Inbusiness.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, 15 қаңтарда Үшарал қаласында Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовтың зорлық-зомбылық белгілері бар өлі денесі табылған.

34 жастағы депутаттың денесінен бірнеше пышақ жарақатының ізі анықталған. Алакөл полициясы аталған іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Дәурен Слямов облыстың индустриялық-инновациялық және энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік-коммуникация, экология мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Оның отбасы ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер және меценаттар ретінде кеңінен танымал.

Марқұм 26 ақпанда 35 жасқа толар еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу