Жетісу облысында несиесін төлей алмаған зейнеткер суицид жасамақ болған

328

Бұл жағдай әлеуметтік желіде тарады.  

Жетісу облысында несиесін төлей алмаған зейнеткер суицид жасамақ болған Фото: pixabay

"Күндіз Абылай хан көшесіндегі банк бөлімшелерінің бірінде әйел қолын ұстараның жүзімен тілгілеген. Оған несиені төлей алмауы себеп болған", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 13 қазанда полиция бұл ақпаратты растап, 74 жастағы әйелдің сол жақ білегі тілінгенін анықтады.

"Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, онда қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасқа амбулаторлық емдеу ұсынылды. Қалалық полиция қызметкерлері жарақаттың себебі мен барлық мән-жайды анықтап жатыр",  делінген Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ полиция өкілі ҚР ҚК 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге оқталу") бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстық департаменттің бақылауына алынғанын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу