Жетісу облысында сүт өндіруші компанияға айыппұл салынды

332

Серіктестіктің іс-әрекетінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактісі анықталды.

Жетісу облысында сүт өндіруші компанияға айыппұл салынды Фото: google.com

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті (Департамент) "Ак-Булак продукт" ЖШС-не (Серіктестік) қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Серіктестіктің іс-әрекетінде жұмсақ қаптамада 2,5% майлылығы бар сүт бағасын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактісі анықталды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Серіктестікке қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (Нұсқама) шығарылды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сотпен Нұсқама мен әкімшілік іс Департаменттің пайдасына қаралды. Серіктестік жалпы сомасы 755 337 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу