Жетісу облысында таулы аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

467

Алакөл ауданы, Көкмойын шатқалында теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте орналасқан таулы аумақта құрғақ шөптің жануын жою жұмыстары тоқтаған жоқ.  

Жетісу облысында таулы аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы арқылы "Қазавиорманқорғау" қызметкерлерін қоса алғанда, қосымша құтқарушылар тобы десант ретінде түсірілді. Қону төменірек орналасқан, еңісі жайдақ таудың етегінде жүзеге асты, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Бұл қадам өрттің сол жақ қапталындағы сөндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған. Өртті сөндіруге 100-ден астам жеке құрам және 11 бірлік техника жұмылдырылған.

Әуеден сөндіру үшін су төгу құрылғысымен жабдықталған "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, 50 тоннадан астам су төгілді.

Өртті сөндіру жұмыстары арнайы техниканың кіруі қиын таулы жер бедерінде жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу