Жетісу облысында вакцинаға қатысты 11 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

179

Прокурорлар Жетісу облыстық денсаулық сақтау саласында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын, вакцинация туралы заңнаманың бұзылуын, жалған вакцинация жағдайларын және басқа да бұзушылықтарды анықтады.  

Жетісу облысында вакцинаға қатысты 11 лауазымды тұлға жауапқа тартылды Фото: ortcom.kz

Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінен қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Нәтижесінде 7 мыңнан астам бала бір жылға дейін полиомиелитке қарсы екпе алмаған.

Басқа жағдайда, "А гепатитіне" қарсы препараттың артық мөлшеріне қарамастан, 2023 жылы 135 млн теңгеден астам сомаға қосымша 35 мың вакцина сатып алынған. Заң бойынша вакцинаны сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек.

"Қадағалау актісі бойынша облыстың Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарын қоса алғанда, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 126 тұлға жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу