Жетісу облысында полицейлер заңсыз ет тасымалдау фактілерін анықтау бойынша тексеріс бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шараның мақсаты – мал ұрлығына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларды ашу және ет пен ет өнімдерін тасымалдау мен сату кезінде құқық бұзушылықтарды анықтау.
Бар болғаны 2 күннің ішінде полицейлер мал ұрлығына қатысты екі қылмыстық істі тіркеп, бұған дейін ашылмаған төрт қылмысты әшкереледі. Бұл нәтижелер іс-шараның тиімділігін көрсетіп, тәртіп сақшыларының ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының мүддесін қорғауға жауапкершілікпен қарайтынын дәлелдейді.
Профилактикалық іс-шара аясында ет және ет өнімдері сатылатын 69 нысан мен ет тасымалдаған 83 көлік тексерілді.
Соның нәтижесінде тиісті құжаттарсыз өнім тасымалдаудың 5 дерегі және ветеринариялық ережелерді бұзған 43 жағдай тіркелді.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері 138 шаруа қожалығын тексерді. Солардың бірі – Мақаншы – Алматы бағытындағы тасжолда тоқтатылған жолаушылар автобусы. Көлік Абай облысынан шыққан. Тексеру кезінде жүк бөлімінен 100 ұсақ және 2 ірі қара малдың еті табылды. Жүргізуші етті Алматы қаласындағы базарлардың біріне жеткізуге алғанын айтқан.
Аталған дерек бойынша материал ветеринариялық инспекцияға жолданды.