Сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстанның деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4-ті құрады. Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет тіркелмеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу