Ақжар ауылынан 3 шақырым қашықтықта жоғалған балықшыларды іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрліктің мәліметінше, 38 жастағы ер адам 22 қарашада достарымен бірге Алматы қаласынан балық аулауға шығып, байланысқа шықпаған. Ер адам хабар-ошарсыз болғандықтан туыстары құтқарушылардан көмек сұраған.
– Құтқарушылар кең аумақты, оның ішінде жету қиын жерлерді тексерді. Іздестіру шаралары барысында ТЖМ күштері Ақжар ауылынан 150 шақырым жерде ер адамдарды тапты. Олардың автокөлігі құмға батып қалған және олар өздері шыға алмаған, – делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрып қалған көлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды.