Оқиға 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданында "Көшкентал-Қапал" автожолының 4-шақырымында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылуда", – дейді полиция.
Тергеп-тексеру барысын Жетісу облыстық департамент басшылығы өз бақылауына алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу