Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

300

Оқиға Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды Фото: Жетісу ПД

Алдын ала болжам бойынша Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.

Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу