Жетісу облысында жол апатынан үш адам зардап шекті

400

Жол көлік оқиғасы 14 қараша күні Үшарал – Қамысқала автожолында орын алды.  

Жетісу облысында жол апатынан үш адам зардап шекті Фото: polisia.kz

Toyota Camry автокөлігі жол жиегінде орналасқан ағашқа соқтығысты. Автокөлік салонында бес адам болған. Олардың үшеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 27 және 22 жастағы зардап шеккендер әзірге дәрігерлердің бақылауында. Көлікті 47 жастағы ер адам басқарған.

Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу