Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді

93

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді Фото: gov.kz

Президент тапсырмасы бойынша  Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба бойынша Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде, мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылады.

Биыл Жетісу облысында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және салу бойынша барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына қарай өңірдегі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл – 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғыны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу