Жетісу облысының әкімдігі өңірге қажетті кадрларды дайындауға 100 грант бөлді

298

Гранттар негізінен педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылығы, инженерлік және құрылыс мамандықтарына арналған.  

Жетісу облысының әкімдігі өңірге қажетті кадрларды дайындауға 100 грант бөлді Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен 100 білім гранты бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, грант иегерлерін облыстық комиссия ҰБТ-дан жинаған балдарына сәйкес анықтады.

Әкімдік гранттары 9 жоғары оқу орнына беріліп отыр.

Олар:

  1. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;
  2. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
  3. Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
  4. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  5. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  6. Алматы технологиялық университеті;
  7. Т.Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясы;
  8. Семей медицина университеті;
  9. Халықаралық білім беру корпорациясы.

"Мамандықтар бөлінісі бойынша педагогикалық – 31, медициналық – 33, өнер – 4, өсімдік шаруашылығы – 9, ауыл шаруашылығы – 6, инженерлік – 5, құрылыс – 2, туризм – 3, қоршаған орта – 3, ақпараттық технологиялар 4 грант берілді. Бүгінгі таңда грант иегерлеріне арнайы сертификаттар табысталып, оларды жоғары оқу орындарына орналастыру жұмыстары жүргізілуде", – делінген облыстық білім басқармасы таратқан хабарламасында.

Айте кететін жайт, жергілікті бюджет есебінен білім алған әрбір студентпен үшжақты келісімшарт жасалады. Бұл келісімге сәйкес түлек оқуын аяқтаған соң кемінде 3 жыл өз мамандығы бойынша өңірде жұмыс істеуі тиіс.

Мұндай талап өңірдегі маман тапшылығы мәселесін шешу мақсатында енгізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу