Жетісу өңірі жолдарда "Крис-П" фоторадарларын пайдалана бастады

502

Патрульдік полиция қызметкерлері фоторадарлармен тіркелген бұзушылықтарды ресімдемейді.

Жетісу өңірі жолдарда "Крис-П" фоторадарларын пайдалана бастады Фото: Almaty.tv

Полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыру мақсатында "Крис-П" фоторадар жылжымалы кешендерін (үш дана көлемінде) пайдалана бастады. Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Патрульдік полиция қызметкерлері фоторадарлармен тіркелген бұзушылықтарды ресімдемейді. "Крис-П" деректері ҚР Бас прокуратурасының ӘІБТ базасын (әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі) автоматты түрде толықтырады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін мүлтіксіз сақтауға және бірінші кезекте жылдамдық режимін шектен тыс асырмауды ескертеді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың 1 тоқсанында өңірдің автожолдарында 89 ЖКО тіркелді, онда 23 адам қаза тауып, 134 адам түрлі жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу