Жетісу өңірінің десантшылары оқу жылын қорытындылады

420

Алматы облысында десанттық-шабуылдау әскерлерінің командалық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өтті.  

Жетісу өңірінің десантшылары оқу жылын қорытындылады Фото: gov.kz

Екі күндік іс-шараға Алматы, Талдықорған, Қонаев гарнизондарынан 200-ге жуық офицер мен сержант қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іс-шара десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылығымен өтті. Жиынның мақсаты - әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігін ұйымдастыру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізу алгоритмін, жоғары жауынгерлік әзірлікті және әскери тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды бірдей түсінуге келтіру болып табылады.

"Әлемде болып жатқан оқиғалар қалыптасқан жағдайды жан-жақты талдауға, қорғаныс қабілетін нақты нығайту және әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылдауға міндеттейді",- дейді генерал-майор Алмаз Жұмакеев.

Құрамалардың, әскери бөлімдердің командирлеріне, олардың орынбасарларына және басқа да лауазымды адамдарға Қорғаныс министрі мен Қарулы күштер Бас штабы бастығының жауынгерлік әзірліктің, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуын, қару-жарақ пен әскери техниканың тиісті пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары жеткізілді.

Техникалық қамтамасыз ету басқармасы ұйымдастырған практикалық сабақта далалық жағдайда автомобиль және бронды танк техникасын жөндеу бойынша оқу-жаттығу орындары орналастырылды. Жауынгерлік машиналарды жүргізуді ұйымдастыру, оларды теміржол платформасына тиеу және түсіру бойынша сабақтар өткізілді.

Шара соңында 2022 оқу жылының қорытындысы шығарылды. Жауынгерлік дайындықтың, қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстаудың және әскери тәртіптің жай-күйі бойынша 38-десанттық-шабуылдау құрамасы үздік деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу