Жетісуда 1 келіге жуық мефедрон үшін сотталған әйелдің ісі қайта қаралады

104

Психотроптық заттың тағы бір аз мөлшері оның жеке заттарының арасынан табылған.  

Жетісуда 1 келіге жуық мефедрон үшін сотталған әйелдің ісі қайта қаралады Фото: gov.kz

Сот азаматшаны психотроптық затты заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алайда істің жекелеген материалдары, оның ішінде электрондық хат алмасу деректері мен психотроптық затты тасымалдау мән-жайлары оны өткізу мақсатының болуы тұрғысынан қосымша бағалауды талап етіп отыр.

Бұдан бөлек, тәркіленген заттың мөлшері 1 келіге жуық болып, аса ірі мөлшерге жатқызылған. Бұл мән-жай да оны иемдену мен тасымалдау мақсатын айқындау кезінде ескерілуге тиіс еді.

"Прокурордың наразылығы бойынша кассациялық сот үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі жаңа сот талқылауына жіберді", – делінген Жетісу облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу